×
451.38
487.22
5.14
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
451.38
487.22
5.14

Көк базар үшін "соғыс": Алматыдағы айқай

04.05.2024, 01:00
Әлеуметтік желіден

Алматыда көк базар маңайындағы жабайы сауданы тоқтатуды талап етті.Көк базар саудагерлерінің шыдамы таусылғандай. Павильонда орын алып салық төлеп тұрған кәсіпкерлер көше бойын жайлаған жабайы сауданың көркін қыздырып отырғандарды қууды талап етуде. Себебі: солардың кесірінен кіріс күрт азайған деп хабарлайды  Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ашық “соғыс”

Көк базар саудагерлері бүгін саудадағы бәсекелестерімен ашық "соғысуға" шығыпты. Себебі базар сыртында жайылған жабайы сауданың кесірінен мүлдем саудасыз қалдық деп, шыданың таусылғанын айтады. Табыс таппақ түгілі, орынды жалдауға ақша таппай қалдық дейді олар.  

“Сауда жоқ. Мына адамдардың бәрін ішке кіргізсін. Болмаса, біз де сыртқа шығайық. Осыншама халық шырылдап, қыс бойы сауда жоқ. Кредит алып, тіпті талтындарымызды сатып, жалға алуды төлеген күніміз болды,” – дейді саудагер Айнұр Сүлімова. 

“Неге бізге рұқсат жоқ?!”

Саудагерлер көше бойындағы жабайы сауда мәселесін айтып құзырлы органдарға шағымданған. Тіпті тәртіп сақшылары да заңсыз табыс тауып жүргендерді көрсе де, көз жұма қарайды деп ашынып отыр.   

“Біз де осылай шыққымыз келеді. Бізге әкімшілік рұқсат етпейді. Ал бұл кісілерге рұқсат етеді. Неге бізге рұқсат жоқ?! Бұл кісілерге де кезінде орын берген, бәріне. Бірақ ішке кірмей отыр,” - деді  саудагер Меруерт Аликаримова. 

Жол бойындағы жабайы базар кеше пайда болған жоқ. Көбісі бірнеше жылдан бері осында жеміс-жидек, арзан шұжық сатып нәпақасын тауып жүр. «Отырған орнымыз үшін тіпті салық төлейміз» дейді. Ақшаны кімге беріп жатқанын өздері де нақты білмейтін сияқты.  

“Бұл кісілер ішке адам кіргіздірмейді. Бізде іште жалға алу қымбат. Түк саудамыз жоқ, шыны керек. Бәрінде кредит бар, бастарында 4,5 миллион. Барлығы пәтер жалдап тұрады,” - деп шағымданды саудагер Шынар Мошытаева. 

“Бізде ЖК бар. Біз де үкіметке салық төлеп отырмыз. Мыналар 28 мың жалға төледік деді ме, онда орынды босатсын, бізге берсін. Бізде орын жоқ. Сондықтан сыртта сауда жасап жүрміз. Ешкім рұқсат берген жоқ. Бұрыннан келе жатырмыз,” - деп өкпесін білдірді саудагер Назира Тоқтарбаева. 

“Біз 70 мың салық төлейміз..”

“Олар арендаға 27 мың төлесе, біз 70 мың салық төлейміз айына. Біз ешкімге ақша төлемейміз әкімдікке де, полицияға, ешкімге төлемейміз. Бірақ жеке кәсіпке 70 мыңнан айына төлеп тұрамыз,” - деп қапалы Ләззат Жүнісова есімді саудагер.  

«Біз жауапты емеспіз»

Ал базар әкімшілігі сырттағы жабайы саудаға «біз жауапты емеспіз» дейді. Бұл аумақ тікелей қала әкімдігіне қарайды деп қысқа қайырды.  

“Бұл көшедегі сауда біздің базарға кедергісін келтіріп жатыр. Базарға келген сатып алушылар көбісі шағымданады. Өйткені сыртта санитарлық норма сақталмаған. Сондықтан базардың ішінде сауда жасау қажет деп есептейміз, мұнда барлық санитарлық норма ұсталады. Ветеринария қызметі, арнайы сараптама қызметі жұмыс істеп, тексерістен өткізеді,”- деді «Көк базар» әмбебап базары ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ләззат Келебаева. 

Серіктес жаңалықтары