Астанада жаңа Салық кодексінің жобасына байланысты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кәсіпкерлер не дейді
Кәсіпкерлердің айтуынша, Ұлттық экономика министрлігі кодексті біржақты әзірлеп, Президент әкімшілігіне тапсырып қойған. "Ішіне біз қосқан 200-ге тарта ұсыныс әдірем қалды" дейді. Олар кодекс жобасында талқылап, түзетуді талап ететін кемшіліктер көп екеніне сенімді.
Жаңа кодекстің кейбір ережелері бизнеске қатысты салық саясатының қатайтуға апарып соғуы мүмкін.
Атап айтқанда, салықты көтеріп, жеңілдіктер мен артықшылықтарды шектеп, салық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікті алып тастау және оларға шағымдануға тыйым салу кәсіпкерлерді алаңдатып отыр.
Бұл қолдау емес!
Салық консультанттары қауымдастығының мүшесі Қарлығаш Жахметова кодекс жобасына наразылығын былай білдіреді:
– Мен Салық кодексінде кәсіпкерлер үшін шектеулер болатынына наразылық білдіремін. Егер кәсіпкерлерден қандай да бір тауар немесе қызмет алар болса, арнайы салық режимін қолданады. Онда бұл шығындар толық көлемде шегерімге жатпайды. Егер жеке кәсіпкер сатып алса, онда тек 80% шегерімге алады. Заңды тұлғада – 40%. Бұлай бөле жарым отырғанын түсінбеймін. Көп адам түсінбейді. Біздің мемлекетімізде барлығының жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істеуі мүмкін емес. Бұл шағын бизнесті қолдау емес. Бұл шағын бизнеске қамқорлық жасаудың көрінісі ғана! Соның салдарынан шағын бизнеске мемлекет емес, нарыққа қатысушылар арасындағы қарым - қатынас әсер етеді, - деді ол.
Тек қиындатқалы жатыр
Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев кодекс осы күйде қабылданып кетсе, бизнестің бір бөлігі көлеңкеге кететініне сенімді.
– Жаңартып, жақсартылған, жеңілдетер салық кодексі арқылы кәсіпкерлікті дамытудың орнына, керісінше, оны қиындатқалы жатыр. Бизнестің бір бөлігі көлеңкеге кетеді. Болашақта бұл үлкен проблема болады. Ертең біреу жауапты болуы керек. Егер заң дұрыс шықпаса, кім жауап береді? - дейді ол.
Ерғалиев вице-премьер болып отырған Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бұл мәселеге жіті назар аударуы керектігін атап өтеді.
Бір ғана проблема бар, ол – жаңа кодекс
Кәсіпкер Айжан Балакешова кодекстің жобасы сөзбе-сөз "сыбайлас жемқорлық тәуекеліне толы" деп айтып салды.
– Біз бәрінде бір ғана мәселе барын түсінеміз Ол – жаңа Салық кодексі. Мен қазір дәл сандарды, статистиканы айтпай-ақ қояйын. Дәл сол салық тексерулері, тәуекелдерді басқарудың бірдей жүйесі жайлы айтамын... Қазір мұның бәрі жаңа кодекстің, көптеген салық төлеушілердің пікірінше, сыбайлас жемқорлық тәуекеліне артуына апарып соғады. Мұны түсіну керек. Мұның бәрі "Сенсіз бәрін шешеміз" дегенді қою керек. Бұған жол беруге болмайды, - деді ол.
Мемлекет реттемей ме
Тағы бір кәсіпкер Қанат Елеусізов те кодекс жобасындағы тұжырымдармен келіспейді.
Қанат Елеусізов
– Жобада Салық заңнамасы мемлекеттік реттеу саласына жатпайды деп жазады. Біз мұндай тұжырыммен келіспейміз. Себебі бұл кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер етеді. Біз бұл тұжырымға қарсымыз. Салық кодексінде тексерулер, айыппұлдар сынды тетікте бар. Мұның бәрі мемлекеттік реттеуге қатысты. Біз бұл кодекстің заңға тәуелді актілерге шығарылу қаупін көріп отырмыз. Яғни, талқылау жоқ. Бұйрық ешкіммен келіспей шығарылды. Салық кодексі бизнесті құртады деуге болады, - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңа Салық кодексінің жобасын сынға алып, құжатты "шикі" деп атаған болатын.
Жаңа Салық кодексі
Жаңа кодекстің жобасы 21 маусымда "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Әлі де талқыланып жатыр, бірақ қазірдің өзінде оған қарсы дауыс күшейіп барады.
Негізінен, кәсіпкерлер наразы, өйткені оларға қолайлы бизнес-климат пен жұмсақ жағдай болатыны уәде етілген. Бірақ құжат жобасына сәйкес, шенеуніктер кәсіпкерлерге жағдай жасаудан гөрі бюджетті толықтыруғ көбірек көңіл бөлген сыңайлы.
Сонымен, ескі кодексте барлығы 708 бап болса, жаңа кодексте 802 бап бар. Қосылған 100-ге жуық жаңа бап кәсіпкерлердің басынан сипайды деуге келмейді. Ulysmedia.kz тілшісі бұған дейін жаңа Салық кодексінің жобасын зерттеп, нақты қай баптармен кәсіпкерлер үзілді-кесілді келіспей отырғанын тарқатып жазған еді.