Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов доллардың өсіп, теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Өкінішке қарай, күткенімдей доллар қайта күшейе бастады. Теңге әлсіреп кетті. Әдетте желтоқсанның екінші жартысында маусымдық кезеңде (салық кезеңінде) теңге долларға қарағанда аздап нығаяды, себебі экспортшылар салық төлеу үшін валюатын сатады», - деп жазды Facebook парақшасында Расул Рысмамбетов.
Жалпы сарапшының айтуынша, қарапайым әрі күтілген үрдіс – «ұлттық валютаның әлсіздігімен қатар экономиканың әлсіздігі көрініп» отыр.
«Мөлшерлемені көтеріңіз, түсіріңіз, Ұлттық банкты «тепкілеу» үшін блогерлерге қолқа салыңыз немесе салмаңыз – экономика мығым болмай, теңге бағамы да белгісіз болып қала береді. Себебі, мөлшерлемені көтерудің өзіндік шегі бар. Ал экономиканы бекемдеу – өз жемісін сөзсіз берер еді. Бұл тұрғыда Ұлттық банктен қарағанда Үкімет құзырлырақ, өйткені активтер дегеніміз – фабрикалар, логистика мен өндіріс. Ал ақша осындай өндірістік-экспорттық қуаттылықтың тегті эквивалентін ғана көрсетеді», - деп атап өтті Расул Рысмамбетов.
Әйтсе де сарапшы үкіметтің қателіктері экономиканың келешегіне ауырырақ тиетінін айтады.
«Қысқаша айтқанда, Ұлттық қорды жұлмалауды тоқтату керек. Болашақ ұрпаққа ақша әкелетіндей тек керекті жобаларға ақша салу керек», - деп түйіндеді сарапшы.