×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Made in kz: Аутсайдер әкімдердің соңында Сағынтаев пен Ақсақалов

23.11.2021, 08:56
Made in kz: Аутсайдер әкімдердің соңында Сағынтаев пен Ақсақалов
Фото: Ашық дереккөзден

Аталған әкімдерге үкімет басшысы жұмысты жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«9 айда жергілікті қамтудың өсу серпіні өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызды құрады. Қарапайым заттар экономикасының 7 саласы бойынша жергілікті қамтудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізілді, оның ішінде машина жасау, фармацевтика, жеңіл, жиһаз, химия және тамақ өнеркәсіптерінде. Бұл ретте, құрылыс материалдарын өндірісінде жоспарлы көрсеткішке - 77,3 пайызға қол жеткізілген жоқ. Бірақ бізде әлі 1,5 ай бар. Бұл сала нарықта зор әлеует пен сұранысқа ие», - деді Асқар Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Маминнің айтуынша, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары қарапайым заттар экономикасының тауарлары жағынан жергілікті қамту үлесі бойынша өңірлер рейтингінде көшбасшы. Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласында ең төмен көрсеткіштер.

«Бұл Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын жандандырып, оның жұмысына отандық тауар өндірушілерді барынша тарту қажеттігін айғақтайды. Аталған комиссиялардың жұмысы Ақмола,  Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында нашар ұйымдастырылған», - деді ол.