×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

900 млрд/100 млрд: «Самұрық-Қазына» бюджетке неге аз ақша аударады

23.11.2021, 10:17

«Самұрық-Қазына» ұлтттық әл-ауқат қорына сын жиі айтылады. Соның бірі – компанияның республикалық бюджетке дивидендті аударуымен тікелей байланысты. Қоғам белсенділері компанияның бюджетке төленуі тиіс дивиденді 110 млрд теңгеден едәуір көп болуы керектігін айтып жүр. Бүгін осы сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевке қойып көрді.

Айта кетсек Самұрық-Қазына» 900 млрд теңге табыстың 110 млрд теңгесін ғана бюджетке аударатынын бұған дейін қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Мәжіліс қабырғасында көтерген болатын.

«Біз алдымен осы компаниялар тобының мемлекет бюджетіне төлеуі тиіс дивиденттері 140 млрд теңгеге дейін өсуі керектігін мәселе етіп көтердік. Жалпы біз бұл компаниялар тобының табысы 900 млрд теңгеден асатынын білеміз ғой. Бұл қаражатты «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы мемлекетке бере ме, жоқ па?» - деген еді Үкімет мүшелеріне Мұхтар Тайжан.

Бұл сұрақты Алмасадам Сатқалиевке үкіметтің кулуарында қоюға мүмкіндік туды.

«Самұрық-Қазына биыл республикалық бюджетке 110 млрд теңге көлемінде дивидент төлеуді жоспарлап отыр. Мәжілісте осы мәселе талқыланған кезде 2022-2024 жылдары ұлттық әл-ауқат қоры бюджетке қанша дивиденд бөледі деген мәселе қаралды. Қазақстан үкіметінің қаулысымен бекітілген біздегі жаңа дивидендтік саясатқа сәйкес, биыл дивидендтік минимум, яғни компанияның қызметіне қарамастан көзделіп отыр. Біз 25 млрд теңге көлемінде көздеп отырмыз (...) Алайда дивиденттердің шынайы сомасы компанияның портфеліне байланысты болады», - деді Алмасадам Сатқалиев.

Оның айтуынша, Самұрық-Қазына компаниясы жоспарға қарамастан әрдайым дивидентті артығырақ төлеп келе жатыр.

«Мәселен, биыл 60 млрд теңге аударудың орнына 88 млрд теңге аудардық. Келесі жылғы жоспар – 100 млрд теңге. Бірақ өзіміз бұған дейін айтқандай соңғы нәтиже – 110 млрд теңге болады», - деді ол.

Ulysmedia.kz тілшісі осы ретте республикалық бюджетке төленуі тиіс дивидендті ұлттық әл-ауқат қоры өсіре ме деген сұрағына былайша жауап берді.

«Бұның бәрі көптеген факторға байланысты. Оның ішінде мұнай, уран өнімдерінің бағасы, шығындарымызды оңтайландыруға байланысты болады. Жалпы айтарым, келесі жылы 2021 жылы төлеген дивидендтен кем болмайды», - деді ол.

«Қазіргі уақытта Самұрық-Қазына компаниясы өз табысының қанша пайызын республикалық бюджетке дивидент ретінде беріп отыр?» деп те сұрақ қойылды портал тарапынан.

«Бізде дивиденттердің жалпы көлемі атап өткенімдей, 110 млрд теңге болады. Таза табыс туралы айтар болсам ол – 600 млрд теңге. Сонымен қатар бюджетке дивидент төлеуден басқа Самұрық-Қазына салықтық төлемдерді аударатынын, үкіметтің әлеуметтік жобаларына қолдау білдіретінін, мектептер мен көпбейінді ауруханаларды салатынын атап өту керек. Яғни дивидендтердің жалпы жиынтығын алар болсақ, ол – компанияның таза табысының 50 пайызын құрайды», - деді ол.