Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 480-485 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің 4 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 1 долларға 482, 74 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5, 44 теңге.
Еуро – 532,70.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 483,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 484, 5 теңге. Еуро 532–536 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 480 теңге, сатып алу құны – 485 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,31 - 5,43 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 3 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,33 теңгеге қайта қымбаттап, 482, 88 теңге болған еді.