×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Бұл мәлімдеменің еш негізі болмады»: Рау Бапидің сөзімен келіспейді

16.09.2024, 13:46
«Бұл мәлімдеменің еш негізі болмады»: Рау Бапидің сөзімен келіспейді
Коллаж Ulysmedia.kz

Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау Ulysmedia тілшісінің Қазақстан қорғанысына жұмсалған шығыны жөнінде сұрағына жауап берді.

РАУ НЕ ДЕЙДІ

– Бюджет – бұл тең бөлінген реніштер секілді. Бірде-бірі ешкім "бізге ақша жетеді" деп айтқан емес. Бәрі де аз деп есептейді. Сондықтан бәрі салыстырмалы. Әскери бюджетті қорғаныс доктринасынан бөлек қарастыруға болмайды. Мұны түсіну керек. Бұл мәлімдеменің еш негізі болмады, - деді Альберт Рау.

БАПИ ҚАҚҚАН ДАБЫЛ

Өткен аптада депутат Ермұрат Бапи елдің қорғанысына бөлінген қаражат тым аз екеніне назар аударған еді. Оның сөзінше, “сарапшылардың пікірі бойынша, 2030 жылы Қазақстанның төңірегінде соғыс болуы мүмкін".

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы оның алдында 2025 жылға арналған күш құрылымдарының шығыстары 109 млрд теңгеге ұлғайып, 2,7 трлн. теңге көлемінде жоспарланып отырғанын айтқан еді. 

Ресми есепке сүйенсек, Қорғаныс министрлігіне жалпы ішкі өнімнің 1,8 пайызы бөлінеді.