×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Әлемдік рейтинг: Орташа жалақы бойынша Қазақстан нешінші орында

Коллаж: Ulysmedia

Қазақстан салықтан кейінгі орташа айлық жалақы рейтингінде 97 елдің арасынан 67-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ҚАЙ ЕЛДЕР КӨШ БАСТАДЫ

Numbeo деректер қоры өмір сүру сапасы мен күнкөріс деңгейі туралы ақпарат жариялады. Рейтингке енген 97 ел арасынан Швейцария, Люксембург және АҚШ ең жоғары табыс бойынша көш бастап тұр.

Швейцария айына 7 219 долларлық әсерлі орташа жалақымен жетекші орынға ие. Одан кейін Люксембург тұр, онда азаматтар алты мың долларға жуық табыс табады. АҚШ 4 529 доллармен үшінші орынды иеленді. Азия құрлығында Сингапур 4 503 доллармен жалақы бойынша бірінші орында.

Оқи отырыңыз: Садыр Жапаров шенеуніктердің жалақысын көтеруге тыйым салды

ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ – КУБАДА

Орталық Азия елдерінің ішінде рейтингке Қазақстан мен Өзбекстан кірді. Қазақстанда орташа айлық жалақы 582 доллар (шамамен 279 мың теңге). Осылайша рейтингте 67-орында тұр. Өзбекстан 78-орынға тұрақтады, елдегі орташа жалақы 438 доллар.

Ең төменгі жалақы Кубада – небәрі 37,6 доллар. Оның рейтингтегі ең жақын "көршілері" Египет (146,2 доллар) пен Нигерия (147,4 доллар) екен.

Еске салсақ, бұған дейін қанша қазақстандық ең төменгі жалақы алатынын жазған болатынбыз.