Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 480 - 484 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің 4 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 482,86 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,08 теңге.
Еуро — 533,17.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 481,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 483,3 теңге. Еуро 531,5 — 535,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 480 теңге, сатып алу құны — 484 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,03 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр.