×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ҚазМұнайГаз Астанадағы ғимаратының бір бөлігін 816 млн теңгеге өткізе алмады

14.11.2024, 16:01
ҚазМұнайГаз Астанадағы ғимаратының бір бөлігін 816 млн теңгеге өткізе алмады
Ulysmedia коллажы

Ұлттық компанияның әкімшілік ғимаратын сатып алуға ешбір кәсіпкер өтінім қалдырмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚазМұнайГаздың тұрғын үйге келмейтін, кеңсе орналастыруға болатын нысанының сипаттамасы электронды сауда алаңына өткен айда шыққан еді. ҚазМұнайГаз Астанадағы өзінің әкімшілік ғимаратының С және Е бөлігін сата алмай отыр. Оның аумағы 1600 шаршы метр. Нысанның бастапқы бағасы да, бағалау құны да 816 млн теңге.

Аукцион биыл 12 қарашада өткенімен, ешбір кәсіпкер оны алуға ниет білдірмеген.

Еске сала кетейік, бұл нысандарды ұлттық компания 2022 жылы да саудаға шығарған. Ол тұста Қабанбай батыр көшесіндегі ғимараттың В,С,Е блогының (ішіне штаб-пәтері де кіреді) бағасы 11 млрд 726 млн теңге деп белгіленген еді. Алайда араға ай салып, компания аталған ғимаратты саудаға шығару мәселесін қайта қарап, сатпайтыны хабарланған. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы – Қазақстанның жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және қамтамасыз етуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылған және еліміздің мұнай-газ саласындағы Қазақстанның мүдделерін қорғайды. ҚазМұнайГаз акционерлері – "Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі.