×
523.86
544.34
5.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.86
544.34
5.11

Неге жасырып отырсыз? «Сергек» айыппұлдарынан түсетін миллиардтар қайда кетіп жатыр

Бүгін, 12:04
Неге жасырып отырсыз? «Сергек» айыппұлдарынан түсетін миллиардтар қайда кетіп жатыр
Ulysmedia коллажы

Аталған мәселе бүгін мәжілісте көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТТЫҢ САУАЛЫ

Мәжілісте көлік министрі Марат Қарабаев жолдардың, көлік инфрақұрылымдарының мәселесі төңірегінде баяндама жасап, депутаттардың сұрағына жауап беріп жатыр. Талқы барысында депутат Аманжол Әлтай цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкинке “Сергек” камераларынан түсетін қаражаттың қанша бөлігі қайда кетіп жатқанын сұраған. 

– Айыппұлдардан түскен қаражаттың бәрі де бюджетке түседі. Шарттар әр өңірде әртүрлі. Әр өңірде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қалай орнатылғанына байланысты. Демек, ол шарттарды әкімдіктер камераларды орнатып, инвестицияны қайтару, операциялық шығындарды өтеу бойынша конкурс негізінде жасаған. Біз қосымша ақпаратты береміз, – дейді Коняшкин.

Әлтай бірақ вице-министрдің бұл жауабына қанағаттанған жоқ.”Қаражаттың қанша пайызы қазынаға, қанша пайызы жеке компания түседі? Айтсаңызшы” деп сұрағын нақтылаған.

– Тағы да айтайын. Әр өңірде пайыз әртүрлі. Әу баста бүкіл айыппұлдардың қаражаты бюджетке түседі. Осыдан кейін бюджеттен инвестиция мен операциялық шығындар өтеледі. Әр өңірде МЖӘ әртүрлі шарттармен жасалған, – деп жауабын қайтарды.

Аманжол Әлтай бірақ бәрібір айтқанынан қайтқан жоқ. Астана қаласында қанша қаражат қазынаға “Сергек” камераларынан түсетінін сұраған. Вице-министр тағы нақты айта алмады.

АЙЫППҰЛДАР ЖАЙЛЫ

Бұған дейін полицейлерге айыппұл салуды мейлінше көбейтуге тапсырма берген видео тараған еді. Ішкі істер министрлігі бәрі жалған дегенімен, статистика жүргізушілерге салынған айыппұлдың 60 млрд теңгеге өскенін көрсетіп тұр. Ulysmedia.kz осы ретте халық пікірін тыңдап, сауалнама жүргізген болатын.