×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

Мемлекет байлар өткізген қымбат қолсағат, асыл бұйымдарды аукционға шығарды

06.01.2025, 12:07
Мемлекет байлар өткізген қымбат қолсағат, асыл бұйымдарды аукционға шығарды
Ulysmedia коллажы

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы мемлекеттік аукцион сайтында қымбат бұйымдарды аукционға шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекетке қайтарылған активтерді сатып, бюджетке қаражатын бағыттауға қаржы министрлігіне қарайтын Қайтарылған активтерді басқару компаниясы жауапты. Компания десе де, қандай мүлік кімнен қайтарылғанын, ол нысандар немесе асыл бұйым қандай жолмен мемлекет меншігіне өткенін ашып айтпайды.

Мемлекеттік аукцион сайтында жақында осындай мүліктердің көз тартар бір шоғыры саудаға шығарылды. Оның ішінде құны жүздеген миллионға баратын қымбат сағаттар, құнды сақиналар мен сырғалар бар.

Аукционға шығарылған мүліктердің ішінде “Бата", "Беташар", "Сүйіндір" деген монеталар да бар. Олардың құны аса қымбат емес. 150-350 мың теңге аралығында сатылады.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатып жатқан осы мүліктердің ең қымбаты – қолсағаттар. Мәселен, Ulysse Nardin Classic 789-80 маркалы мына бір сағаттың бастапқы құны 214 млн теңгеден басталады. 

Басқа қолсағаттардың да құны арзан емес. Breguet маркалы сағаттардың түр-түрі 3,5 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін саудаға шығарылған.

Саудаға шығарылған асыл бұйымдар да бар. “Женева” брендті мына бір сырғаның құны 2 млн теңге.

Компанияның есебіндегі осы мүліктердің аукционы биыл 22 қаңтарда өткізіледі.