×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Бәйтерек» сингапурлық қорға $10 млн қаржы салды - депутат

22.12.2021, 11:04
«Бәйтерек» сингапурлық қорға $10 млн қаржы салды - депутат
Фото: Ашық дереккөзден

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясы атынан депутат айқын Қоңыров осы мәселені көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, макроэкономикадағы жарияланған табыстар қарапайым қазақстандықтардың, шағын және орта бизнестің нақты жағдайын, сондай-ақ елдегі және әлемдегі экономикалық жағдайдың бүкіл күрделілігін көрсетпейді. Индустриалды-инновациялық даму шығындары жүйелі түрде қысқартылып жатқанын көріп отырмыз. Экономиканың нақты секторы арзан және ұзақ айналым қаражатына қол жеткізуде күрделі проблемаларды бастан кешіруде. Елде инфрақұрылымды, ел экономикасын дамытуға қаражат жетіспейді. Бұл шетел несиелерін тарту, шетелдік инвесторларды үнемі іздестіру қажеттілігіне әкеледі. Мұның бәрі түптеп келгенде қазақстандықтардың көпшілігінің әл-ауқатына кері әсерін тигізеді. Қазақстандағы орташа отбасылық бюджет тапшылығы 35%-ға жетеді. Азаматтар оны тұтыну несиелерімен және банктердің, микроқаржы ұйымдарының несиелерімен жабуға мәжбүр.

«2021 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша 9 триллион 600 миллиард теңгені құраған халыққа берілген несиелердің жалпы көлемінің 58,1 пайызы тұтынушылық несиелер болып шықты. Елдегі күрт қаржыландыру тапшылығы жағдайында бізді ұлттық компаниялардың басқа елдердің экономикасына инвестициялауы немесе шетелде қаржы орналастыруы алаңдатады», – дейді Айқын Қоңыров.

Депутат мысал ретінде «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «QazTech Ventures» АҚ салымын келтірді. Ол компания стартаптарды дамыту үшін Сингапурдағы венчурлық қорлардың біріне 10 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған.

«Азаматтардың зейнетақы қорларын Әзірбайжанның халықаралық банкінің облигацияларына 250 миллион АҚШ доллары сомасындағы тәуекелді инвестициялау, кейіннен оларды Әзірбайжанның мемлекеттік бағалы қағаздарына мәжбүрлеп айырбастау тарихы әлі де ұмытылған жоқ», - дейді ол.