×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Министр олигархтардың ТЖ тікұшағымен қалай аңға шыққанын айтты

23.12.2021, 18:11
Фото: әлеуметтік желіден

Бүгін баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР төтенше жағдай министрі Юрий Ильин неге қысылтаяң сәтте ғана қолданылуы тиіс ТЖ тікұшағында олигархтардың аңға шыққанын түсіндіруге тырысты деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағын жеке тұлғалар аң аулау үшін пайдаланғанын растады. Онда қазақстандық миллиардерлер Айдын Рахымбаев, Арманжан Байтасов және Берік Қаниев болып, Forbes тізімі бойынша серіктері Игорь Рыбаковты Қазақстанда аң аулауға алып шыққан.

«Бізде «Қазавиақұтқару» бөлімшесі бар, ол республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылмайды, тікұшақтар түріндегі материалдық-техникалық қару-жарақты шарттар бойынша қызмет көрсету есебінен ұстап тұрады. Шарттардың бірі осы әуе кемесін жалдаған Business aviation компаниясымен жасалып, онда мүлдем басқа мақсаттар көрсетілген. Бортта, соның ішінде қару-жарақпен адамдардың болуына жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп, тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды», - деді министр.

Бас құтқарушы алдағы уақытта тиісті тікұшақтардың төтенше жағдайдың алдын алу, медициналық көмек көрсету сынды бағыттардан басқа жағдайларға қолданылмайтынына уәде етті.

«Сізде сұрақ туындауы мүмкін: Ильин мырза бұл үшін қандай сыйақы алды? Жауап берейін, Ильин мырза бұл рейс үшін ешқандай сыйақы алмады және алмайды», — деді ол.

Алайда генералдың «Қазавиақұтқару» компаниясы республикалық және жергілікті бюджеттерден ақша алмайтыны жайлы уәжі шындыққа жанаспайды. Мемлекеттік сатып алу сайтында өңірлік ТЖ департаменттерімен, полициямен және әкімдіктермен яғни мемлекеттік мекемелермен қомақты қаржы сомаларына жасаған келісімшарттары толып тұр.

Серіктес жаңалықтары