×
510.49
527.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.49
527.29
5.27

Енді мал етінің әр келісіне 200 теңгеден субсидия беріледі

Бүгін, 12:48
Енді мал етінің әр келісіне 200 теңгеден субсидия беріледі
Ulysmedia коллажы

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мал шаруашылығын мемлекеттен қаржыландыру тетігі өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚШАСЫ ЖАЙЛЫ

Айдарбек Сапаров бұған дейін мал тұқымын асылдандыруға субсидия беріліп келкенін, 100 мал болса, әр басына 10 мың теңгеден берілгенін айтады. Бірақ бұл жерде қарымта міндеттеме қарастырылмаған. 100 сиырдан 10 бұзау алса да, 80 бұзау алса да бірдей субсидия төленеді.

Бұл енді мемлекеттік ақшасын далаға шашу дер едім. Сондықтан бұдан кету керек. Біз оны етке ауыстырып жатырмыз, – дейді ол.

КӨП ІС ҚОЗҒАЛЫП ЖАТЫР

Министрдің сөзінше, әр ет комбинатына немесе бордақылау алаңына  өткізген мал салмағының әр келісіне енді субсидия беріледі. Қай комбинатқа қанша ет өткізілгенін нақты тексеріп отыруға болады. Ал мал тұқымын асылдандыруға берілген субсидияны олай тексеру мүмкін емес. Сондықтан көп іс қозғалып жатыр.

Біз оларға 5 пайыздық жеңілдетілген несие береміз. Биыл алғаш рет берілгелі отыр. Жалпы Қазақстан бойынша 50 млрд теңге бөлмекшіміз. Оны да әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы, агронесие корпорациясы арқылы алуға болады. Бір айдың ішінде осындай шешім қабылданады деп ойлаймыз, – дейді ол.

ӘР КЕЛІГЕ БЕРІЛЕДІ

Енді ет өткізгенге 200 теңгеде (әр киллограмына) ғана субсидия беріледі. Ет комбинаты қанша қабылдайды – сонша төленеді. Мысалы, сиыр етін бордақылау алаңына немесе ет комбинатына киллограмын 110 теңгеден өткізсе, соның 200 теңгесін мемлекет төлейді. Қой етіне де, жылқы етіне де осылай төленеді. Бірақ киллограмы қанша болатынын осы бір айдың ішінде нақтыланбақ.

Бұл жерде бүкіл ет комбинаты тексеруге алынады. Бар-жоғы 172 ет комбинаты бар. Ал малмен айналысатын шаруашылықтардың саны – 300 мың. Сондықтан осы жүйемен тексеру жеңіл, - деді Айдарбек Сапаров.