×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Қазақстан олигархтары Германиядағыдай табысының 30-35% салық ретінде төлеуі керек – депутат

11.04.2025, 17:28
Қазақстан олигархтары Германиядағыдай табысының 30-35% салық ретінде төлеуі керек – депутат
Ulysmedia.kz коллажы

Депутат Марат Бәшімов Қазақстанның олигархтары Еуропа елдеріндегідей табысының 30-35 пайызын салық ретінде төлеуі керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БӘШІМОВ НЕ ДЕЙДІ

Марат Бәшімовтің айтуынша, Еуропа елдерінде азаматтар байыған сайын салықты көбірек төлейді. 

Бізде 10 пайыз салықты қарапайым азамат та, олигарх та бірдей төлейді. Ол әділетті емес. Үкіметке бір ғана сұрағым бар: прогрессивті салықты қалай енгізесіздер? Мысалы өткендей 30-45 немесе 50 пайызды талқылап жатырмыз деді. Ал қазір естіп отырғаным – 15 пайыз! Германия, Батыс елдерінде 30-35 пайыз төлейді. Олар сол байлықты өз жұмысымен алды. Біздегідей емес. Біздің олигархтар жатқан байлықты тегін алғандай болған. Сондықтан, осы мәселені көтеріп отырмыз. Біздің де олигархтар табысының 30-35 пайызын салық ретінде төлеуі керек, – дейді Марат Бәшімов.

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ

Мәжілісте бірінші оқылымнан өткен жаңа салық кодексін депутаттар Үкімет мүшелерімен бірге талқылап жатыр. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегін 40 миллион теңге көлемінде белгілеу көзделіп отыр. 

Бұл – біз жеткен ымыра шешім. Алайда осыған байланысты 160 мың жаңа салық төлеушіден және 400 миллиард теңге қосымша кірістен айырылып отырмыз. Енді жеке кәсіпкерлікті тіркеу де күрделене түседі, – деді Жұманғарин.

Қазақстанда бюджет тапшылығын еңсеру мақсатында салық реформасы қызу талқыланып жатыр. Бүгін мәжілісте құжат бірінші оқылымда қаралып жатыр. Үкімет 16 пайыздық базалық ҚҚС мөлшерлемесін енгізуді, бірқатар басым бағыттағы салалар үшін 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлеме белгілеуді және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді бұл салықтан босатуды ұсынып отыр.