×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АҚШ-та шот ашқан қазақстандықтар жайлы қалай білуге болады

12.01.2022, 11:01
АҚШ-та шот ашқан қазақстандықтар жайлы қалай білуге болады
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Тиісті заң жобасы бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында қаралды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, АҚШ-тың қаржы ұйымдарымен операциялары бар барлық шетелдік қаржы ұйымдары американдық салық төлеушілердің шоттары туралы ақпарат беруге міндетті болады.

Оның сөзінше, заң жобасы қаржы ұйымдарының, оның ішінде кредиттік ұйымдардың, сақтандыру, брокерлік және басқа да осыған ұқсас компаниялардың қызметіне қатысты болып отыр. Осылайша халықаралық банк аударымдарынан уағдаластыққа қосылмаған жағдайда, егер төлемді алушы АҚШ-та салық салынатын тұлға болса, аударым сомасының 30%-ы ұсталуы мүмкін. Келісімге қосылатын қаржы институттары Қазақстанда шот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты анықтап, ашуға тиіс.

«Қазақстанның келісімге қосылуы АҚШ-та шот ашқан барлық қазақстандық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Яғни, аталған мәселе бойынша елдер арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстанның бюджетіне де оң әсерін тигізеді», - деді министр.