Бұл туралы мәжіліс кулуарында қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Дәурен Темірбеков мәжіліс кулуарында Ulysmedia.kz тілшісіне берген жауабында 2025 жылы кепілдендірілген трансферт бойынша 2 трлн теңге, нысаналы трансферт бойынша 3,2 трлн теңге алынады.
2026 жылғы трансферт бойынша парламентке қыркүйекте кіреміз. Кепілдендірілген трансферт ол тұста 2 трлн теңге сұралса, нысаналы трансфертті аламыз деп жоспарлап отырған жоқпыз, – дейді Темірбеков.
Қазақстан үкіметі Ұлттық қордан жыл сайын едәуір көлемде қаражат алады. Бұл қаражат республикалық бюджетті қолдауға, дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыруға және стратегиялық жобаларды іске асыруға бағытталады.