×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Қазақстан экономикасы қай жылы Ұлттық қордың барын «ұмытып» өмір сүре алады

30.05.2025, 15:53
Қазақстан экономикасы қай жылы Ұлттық қордың барын «ұмытып» өмір сүре алады
Ұлысмедиа коллажы

Бұл сұрақты Астана халықаралық форум кулуарында Ulysmedia.kz тілшісі Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке қойды.

СҮЛЕЙМЕНОВ НЕ ДЕЙДІ

Сұрағыңыз өте қиын екен. Өйткені кепілдендірілген трансферт деген бюджеттің кепілі. Өкінішке қарай онсыз болмайды, бәрібір аламыз. 2030 жылға дейін кепілдендірілген трансфертсіз бюджетіміз өмір сүре алмайды. Бірақ оған дейін тырыс керек, – деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, бес жыл бойы “әлі де 2-2,5 трлн теңге ала беретін боламыз” деп есептейді.

Ол да жақсы. Өйткені былтыр облигацияларды қосқанда 6 трлн теңгеге жуық трансферт алынды, – деді ол.

“Сіздіңше Ұлттық қордан бес жылдан кейін ақша алмай өмір сүретін жағдайға жетеміз бе?” деген сұраққа Сүлейменов “ол уәде емес, болжам” деп жауап берді.

МҰНАЙҒА ТӘУЕЛДІ ЭКОНОМИКА

Форум кезінде ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстан экономикасы "Ұлттық қоры жоқтай" өмір сүруге үйренуі керек деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Қазақстанды аймақтағы басқа мемлекеттерден ерекшелендіріп тұратыны – табиғи байлығы. Аймақтағы басқа мемлекеттер мұндай қазба байлыққа ие емес. Сол себепті ақша және фискалды саясат, адам капиталы, инфрақұрылымның бәрі ресурстардың бар-жоғына тікелей тәуелді. “Ұлттық қор жоқтай өмір сүріп үйренуіміз керек” дейді ол.

ҮКІМЕТ БИЫЛ ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН ҚАНША АЛАДЫ

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің сөзінше, 2025 жылы кепілдендірілген трансферт бойынша 2 трлн теңге, нысаналы трансферт бойынша 3,2 трлн теңге алынады. 

2026 жылғы трансферт бойынша парламентке қыркүйекте кіреміз. Кепілдендірілген трансферт ол тұста 2 трлн теңге сұралса, нысаналы трансфертті аламыз деп жоспарлап отырған жоқпыз, – дейді Темірбеков.

Қазақстан үкіметі Ұлттық қордан жыл сайын едәуір көлемде қаражат алады. Бұл қаражат республикалық бюджетті қолдауға, дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыруға және стратегиялық жобаларды іске асыруға бағытталады.

 

Серіктес жаңалықтары