×
519.26
602.13
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.26
602.13
6.62

Қазақстан 1 млрд теңгеден қағылды: себебі неде

Бүгін, 19:04
Қазақстан 1 млрд теңгеден қағылды: себебі неде
фото: sportishka.com

Қазақстан шетелдік туроператорлар мен экскурсия жүргізушілерінің ел аумағында рұқсатсыз қызмет көрсеткен себебі 1 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат Екатерина Смолякова туристік саладағы мәселелерді шешу үшін бірқатар нақты ұсыныс енгізді. Оның сөзінше, Қазақстанда шетелдік рұқсатсыз туроператорлар мен гидтердің қызметі ел экономикасына 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова жағдайды жақсарту үшін бірқатар бастама көтерді, деп жазады LS.

Депутаттың айтуынша, елдегі туристік инфрақұрылымды жақсартуға кешенді көзқарас қажет. Ол мынадай ұсыныстар барын айтты:

  • туристік аймақтарды инвесторлардың сенімді басқаруына беру;
  •  гидтерге міндетті түрде сертификаттау енгізу;
  • экскурсиялық, трансферлік және қонақүй бизнесін жеке-жеке кодпен (ОКЭД) бөлу;
  • қазақстандықтармен қатар шетелдік туристерге де Face ID мен биометриялық тіркеу жүйесін енгізу;
  • қонақүйлерге берілетін «жұлдыз» жүйесін міндетті және есепті ету;
  • жол бойындағы дәмханалардың санитарлық жағдайын қатаң бақылауға алу;
  • кәсіби емес гидтерге кәмелетке толмағандарды таулы бағыттарға алып шығуға тыйым салу;
  • шетелдік туристер үшін 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі валюта әкелу шектеуін алып тастау — өйткені бұл шектеу ел ішінде қаржы жұмсауға кедергі келтіреді;
  • туристік нысандарда санитарлық инфрақұрылымды (дәретхана, қоқыс жәшігі, демалыс орындары, интернет) қамтамасыз ету.

Гидтерді міндетті түрде сертификаттау қажет. Экскурсия, трансфер және қонақүй қызметін бөлу керек. Жаңа ОКЭД енгізу, Face ID мен биометрияны шетелдік туристерге де қолдану керек. Қонақүйлердің жұлдыз жүйесін міндетті және есепті ету қажет. Жол бойындағы дәмханалар санитарлық талапқа сай болуға тиіс. Кәсіби емес адамдардың кәмелетке толмағандарды тауға алып шығуына тыйым салу керек. Туристер үшін 10 мың доллардан асатын валюта кіргізуге рұқсат беру қажет — бұл олардың ел ішінде еркін ақша жұмсауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ инфрақұрылымды — дәретхана, қоқыс жәшігі, демалыс орындары, интернет — толық қамтамасыз ету қажет, — деді депутат Смолякова.

Оның айтуынша, осы шараларды жүйелі түрде енгізу арқылы туризмді ІЖӨ-нің 3–4%-ына дейін жеткізуге болады.

КОНТЕКСТ

2024 жылы Қазақстанға 15 миллионнан астам шетелдік турист келген, ал ішкі туризм 10 миллионнан астам азаматты қамтыған. Бұған дейін елдегі туристік салада жүйелі мәселелер бары да айтылған болатын.

Серіктес жаңалықтары