×
518.34
607.18
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
607.18
6.62

Қазір 85 мың: 2026 жылы ең төменгі жалақы қанша теңгеге өсуі мүмкін

Бүгін, 15:03
Қазір 85 мың: 2026 жылы ең төменгі жалақы қанша теңгеге өсуі мүмкін
Ұлысмедиа коллажы

2026 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазір өңірлер бойынша еңбек өнімділігі мен медианалық жалақы деңгейін анықтау үшін зерттеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, ең төменгі жалақы мөлшері келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап көтерілуі мүмкін.

Ал қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, ең төменгі жалақыны есептеу жұмыстары жүріп жатыр.

Болжаммен айтсақ, шамамен 90 мың теңгеден сәл жоғары болуы мүмкін. Бірақ нақты есептеулер әлі аяқталған жоқ, – деді Тәкиев.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін вице-премьер Серік Жұманғарин Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру бірқатар салдарға әкелуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары