Маман декларация тапсыру міндетті болатын шартты атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсаинованың айтуынша, белгілі бір сомаға мүлік сатып алу декларация тапсыру міндетін тудырады, деп жазады Digital Business. Бұл сома – 78 млн теңге.
— Егер жыл ішінде пәтер сатып алып, кейін оны қымбатырақ бағаға сатып жіберсеңіз бұл мүліктік табыс болып саналады және ол бойынша салықты өзіңіз төлеуге тиіссіз. Бұл бұрыннан бар, қолданыстағы норма. Ал біз айтып отырған жаңашылдық мынадай: жыл ішінде құны 20 000 АЕК-тен (шамамен 78 млн теңге) асатын мүлік сатып алатын тұлғалар да кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыруға міндетті болады. Қандай мүлік туралы сөз болып отыр? Бұл жылжымайтын мүлік, механикалық көлік құралдары, жарғылық капиталдағы үлес. Мысалы, егер сіз өткен жылы пәтер, көлік сатып алсаңыз және олардың жалпы құны 20 000 АЕК-тен асып кетсе, онда сіз міндетті түрде декларация тапсырып, сол мүлікті сатып алу көздерін көрсетуіңіз керек, — деп түсіндірді Дина Құсаинова.