 
                    Ұлттық валютаның қазіргі нығаюы бұған дейін күтумен жүргендер үшін уақытша мүмкіндік тудырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары қазіргі уақытта доллар сатып алудың тиімділігін ойлап жүрген азаматтарға жауап берді, деп жазады digitalbusiness.kz. Олардың айтуынша, жаппай айырбастау пункттеріне барудың қажеті жоқ.
— Егер біреу шетел валютасымен ірі сатып алуды немесе шетелге сапарды жоспарлап отырса, теңгенің нығаюы соңғы төрт айдағы бағамдармен салыстырғанда долларды анағұрлым тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Алайда қаражатты «әр сақтық үшін» айырбастау экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Себебі табыстылық айырмасы айтарлықтай, — делінген Қаржыгерлер қауымдастығының түсіндірмесінде.
Мысалы, теңгедегі депозиттер бойынша мөлшерлемелер 15,5–18% деңгейінде болса, шетел валютасындағы табыстылық 1%-дан аспайды.
 
            
             
            
            