×
517.66
606.49
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.66
606.49
6.44

Олигарх Махмұдов ҚҚС-тің көтерілуіне қатысты пікір білдірді

Бүгін, 15:11
Олигарх Махмұдов ҚҚС-тің көтерілуіне қатысты пікір білдірді
Ulysmedia.kz коллажы

Orbis Kazakhstan көпсалалы компаниялар тобының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов Қазақстандағы салық реформаларына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тиісті сұрақты Ulysmedia тілшісі Токиода өткен «Орталық Азия + Жапония» бизнес-форумы аясында қойған. Журналист кәсіпкерден қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеруге көзқарасын сұрады.

Махмудов басқа бірқатар кәсіпкерлерден өзгеше, бұл өзгерістерді сынға алған жоқ әрі компаниясы жаңа шындықпен келісіп қойғанын айтты.

— Не істелсе де түбі жақсы болады деген сөз бар ғой. Егер елдегі салықтық әкімшілендіру бұл өзгеріс қандай да бір пайда әкеледі деп есептесе… Көрейік, қалай болатынын. Біз мұны қазірдің өзінде қабылдадық, — деді ол.

КОНТЕКСТ

Фаррух Махмудов — қазақстандық кәсіпкер, Orbis Kazakhstan компаниялар тобының негізін қалаушы. Оның бизнесі автобизнес, машина жасау, мұнай сервистік қызметтер, агробизнес, девелопмент және қаржы жобаларын қамтиды.

2025 жылы Фаррух Махмудов Forbes іскерлік журналының нұсқасы бойынша ең ықпалды кәсіпкерлер тізімінде 24-орынды, ал ең бай бизнесмендер рейтингінде 27-орынды иеленді.

Еске салайық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. ҚҚС-тың жалпы мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін өседі. Алайда бұл өзгеріс – жоспарланған реформалардың жалғыз түрі емес.

Серіктес жаңалықтары