×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«7-20-25»: Халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін тағы 600 млрд теңге керек

28.02.2023, 11:03
Коллаж: ulysmedia.kz.

«7-20-25» бағдарламасына бүгінге дейін 116 мың адам өтініш берген. Олардың 65 мыңы бағдарлама бойынша баспана алғанымен, қалған 50 мыңнан астам отбасыға қалған 130 млрд теңге жетпей тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Биыл бағдарлама шеңберінде 100 млрд теңге ғана бөлінгелі отыр. Ол аз ғана отбасының талабын қанағаттандырады. Ал он мыңдаған адам сонда баспана ала алмай ма? Бұл мәселені қалай реттеу керек деп ойлайсыз?» - деп сұрады порталы тілшісі бүгін үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтан.

Бұл сұраққа жауап берген министр расында да қаражат барлығына жетпейтінін мойындады.

««2-10-20» мен «5-10-20»-ға биыл тағы да 70 млрд  теңге бөлдік. Ал үшінші бағыт – ешқандай кезекте жоқ, зауытта істейтін сияқты қарапайым кісілерге арналған «7-20-25» бағдарламасы. Ол  бағдарлама бойынша 116 мың өтініш түскен болса, соның 65 мыңы  қазір қанағаттандырылған. 870 млрд теңге игерілді. Жалпы бағдарлама  бойынша 1 трлн теңге бөлу қарастырылған», - деді министр.

Оның айтуынша, халықтың бұл ипотекаға деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша 600 млрд теңге керек.

«Бұл қаражат бөлінеді немесе бөлінбейді деп нақты айта алмаймын. Өйткені бағдарлама жалпы Ұлттық банктің есебінен қарастырылған. Біздің  министрлік тарапынан өзіміздің ұстанымымыз бағдарламаны жалғастыру керек. Өйткені тиімді, халықтың қалауы бар», - деді Марат Қарабаев.

Серіктес жаңалықтары