×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әкімдер бюджеттің миллиардтаған теңгесін игермеген

16.05.2023, 09:51
Әкімдер бюджеттің миллиардтаған теңгесін игермеген
фото: ашық дереккөзден

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджетті игермеген министрліктерді атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,0%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,6%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 7 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 72 млрд теңгені құрады, оның ішінде 16 млрд теңге – үнемдеу», - деді ол Үкімет отырысында.

Министрдің сөзінше, бюджеттің игерілмегені - 55 млрд теңге.

«Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму, экология және табиғи ресурстар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері - шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізу, мемлекеттік сатып алу конкурстарының ұзақ өткізілуі, орындалған жұмыстардың актілері мен шот – фактуралардың уақтылы ұсынылмауы және басқалары», - деді Жамаубаев.

Сондай-ақ биыл 4 айда төрт өңір 14 млрд теңге нысаналы трансфертті игере алмады.

«Жергілікті бюджет шығыстары 3,3 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны - 47 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферт көзделген. Оларға 1 мамырға 473 млрд теңге бөлінген», - деді Қаржы министрі.

Ерұлан Жамаубаевтың атап өтуінше, аталған қаржының 97 пайызы игерілген.

«Игерілмегені – 14 млрд теңге. Ең көп игерілмеген сома Астана және Алматы қалаларында, Атырау және Түркістан облыстарында қалыптасты», - деді ол.