Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Аталған жоспар бойынш елде 733 нысанды сату көзделген болатын
«Есепті кезеңде сомасы 50 млрд теңгеге 149 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 120 нысан сатылымға қойылды. 7 нысан таратылуға жіберілді», - деді министр үкіметтің бүгінгі отырысында.
Жамаубаевтың айтуынша, алдағы уақытта 397 нысанды өткізу керек.