×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Бөрте» қойылымын Нұр-Cұлтанда сахналауға 32 млн теңге жұмсалмақ

18.11.2021, 07:12
Коллаж: ulysmedia.kz

Түркістан музыкалық драма театры «Бөрте» спектаклін 20-21 қараша күндері Нұр-Cұлтан қаласында сахналауға келе жатыр. Қойылымның бас қаладағы гастрольдік сапары үшін 32 млн 443 мың 594 теңге жұмсалмақ. Соның ішінде сахналық декорацияларды Түркістаннан астанаға тасып, кері апаруға 14 млн теңге жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік сатып алу порталында «Түркістан музыкалық-драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны лот жариялаған. Жариялаған тендердің сметалық жобасында бастапқы сома 36 млн 336 мың теңге деп көрсетілген. Алайда белгісіз себептермен қосымша келісімшартқа өзгеріс енгізіліп, бастапқы соманы 32 млн теңгеге азайтқан.

Тендер бір көзден сатып алу тәсілі арқылы өткендіктен, «ArtLab Studio ALS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз ретінде танылған. Ашық мәліметтерде 2012 жылы тіркелген компанияның иесі Брушкевич Денис Александрович деп көрсетілген.

«Бөртені» сахналау үшін бөлінген қаражаттың техникалық сипаттамасында шығындар төмендегідей көрсетілген:

Қосымша дыбыс жабдықтарын жалға алуға жұмыстарына 1 606 164 теңге;

Жарық беру жабықтарын жалға алу, орнату жұмыстарына 4 041 408 теңге;

Видео жабдықтарын орнатау, жалға алуға 9 110 354 теңге;

Құрылымдық және сахналық конструкция үшін 1 002 640 теңге;

Қосымша жабдықтарды жалға алу, орнату жұмыстарына 191 654 теңге;

Сахналық эффектілер үшін 625 206 теңге;

Техникалық қызметкерлерге және репетиция, сахналау кезінде қызмет көрсетуге 966 168 теңге;

Реквизиттер мен костюмдерді апарып, әкелуге  900 000 теңге қарастырылған.

Ал көркемдік безендіру қызметтеріне 14 000 000 теңге, оның ішінде декорацияларды Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіп, театрда орналастыруға 7 млн теңге жұмсамақ. Сондай-ақ әкелінген декорацияларды кері Түркістанға жеткізіп, қайтадан театрға орналастыруға тағы 7 млн теңге жоспарланып отыр.

Спектакльдің шығын сметасынан скрин

Шарт күшіне енгеннен кейін Тапсырыс беруші аванстық төлем жүргізеді. Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты ескере отырып, тараптар қол қойған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей орындаушының есеп шотына аударуы тиіс.

Айта кетейік, Түркістан музыкалық драма театры «Бөрте» спектаклін сахналауға 246,7 млн теңге бөлгенін ulysmedia.kz редакциясы арнайы зерттеп, хабарлаған болатын. Түркістанда аталған қойылымды сахналауға елдегі ең танымал актерлер еліміздің әр өңірінен арнайы шақыртылған еді. Белгілі театр мамандары тұрақты емес актерлік құрамның басын қайта қосу қиын және оған жұмсалатын бюджет шығыны да аз болмайтындығын айтып, қынжылыс білдірген-ді. Театр және кино режиссері Талғат Теменовтің айтуынша, қазақ театрларында бір спектакльді сахналауға орта есеппен 3,5 млн теңге жұмсалады.

Серіктес жаңалықтары