×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Әлемдегі ақылды қазақ: Америкада қосағын таңдағанда ұлтқа қарамайды

15.12.2021, 08:30
Фото: semedyarov

Әлемдегі ең ақылды адамдар тізіміне енген, қазір Швейцарияда тұратын 23 жастағы қазақстандық Ulysmedia.kz порталына сұхбат беруге келісті. IQ деңгейі Вехслер шкаласы бойынша 135-тен асып, әлем халқының 99 пайызынан жоғары болған, осылайша ақыл-ой деңгейі жоғары адамдар үшін ең ірі және әйгілі ұйым саналатын «Менса» ұйымына мүше атанған Алдияр Семедьяров оқудан соң Қазақстанға оралуға дайынмын дейді.

 – Алдияр, сонымен, «Менса» ұйымына мүше болу не береді?

 – «Менса» жарғысында ұйымның негізгі мақсаттары адам ақыл-ойының адамзаттың пайдасына қолдау көрсетуі және дамытуы; зияткерлік табиғатын, сипатын және оны қолдануды зерттеуді қолдау; қоғам мүшелеріне зияткерлік дамуға мүмкіндік беретін орта беру екені айтылады.

Бірақ «Менсаның» басты артықшылығы ретінде нетворкингті атар едім. Қауымдастық көбінесе рождестволық кешкі астан бастап пейнтболға дейінгі әртүрлі жабық әлеуметтік және мәдени шараларды ұйымдастырады, оларға тек ұйым мүшелеріне кіруге рұқсат етіледі. Сондықтан, бұл мен үшін әлемнің ең ақылды адамдарымен танысуға және сұхбаттасуға тамаша мүмкіндік деп санаймын.

 – IQ тексеру үшін қандай тапсырмалар берілді? Тест пе, логикалық сұрақтар ма?

 – Мен тілге тәуелсіз тест тапсырдым. Яғни, бірде-бір сұрақта сөз болмады, тек фигуралар. Менің тестім логикаға қатысты 45 сұрақтан тұрды. 9 ұяшығы бар 3х3 шаршы берілді. 8 ұяшықта фигуралар бар. Соңғы ұяшық бос. Заңдылықты тауып, ұсынылған 6 жауап нұсқасынан бос ұяшыққа сәйкес пішінді таңдау керек болды.

 – Студент қанасыз ба әлде қосымша жұмыс істейсіз бе? Швейцариядағы өміріңізге қаржыны қайдан аласыз?

 – Жұмыс істеймін. Магистратураның бірінші жылында алдымен екі жұмыста зерттеу көмекшісі (Research Assistant) ретінде еңбек етіп, содан кейін өзімнің ETH Zurich университетінде оқытушы көмекшісі ретінде жұмыс істедім. Қазір тағылымдамадан өтіп жатырмын, онда маған жалақы төленеді.

 – Сізге мықты маман болу әлде көп ақша табу маңызды ма, өмірлік ұстанымыңыз қалай?

– Менің ойымша, екіншісі біріншісіне артықтық етпейді. Егер сіз өзіңіздің қандай болсын бизнесіңізде үздік көрінсеңіз, ерте ме, кеш пе сіздің төккен теріңізге жақсы табыс төленеді. Өз басым бірдеңе жасасам, әрқашан ең озығы болуға тырысамын.

 – Қандай тілдерді меңгергенсіз?

 – Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен бөлек, Швейцарияның неміс бөлігінде тұратындықтан, неміс тілін үйренудемін. Маған және де испан тілі ұнайды. Испан достарым негізгі тұстарын үйретті, бірақ оны меңгерген тілдер қатарына қосу үшін зерделеуге кем дегенде бір жыл уақыт бөлу қажет.

 – Қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуына қалай қарайсыз?

 – Бұған мүлдем қарсы ештеңе айта алмаймын. Еуропада да, Америкада да адамдар қосағын таңдау кезінде ұлтқа қарамайды және менің ойымша, бұл дұрыс. Өйткені, бұл әркімнің жеке таңдауы.

 – Швейцариядағы оқуды бітірген соң қайда жұмысқа орналасар ойыңыз бар бұйырса?

 – Cайып келгенде, барлық мүмкіндікке ашықпын. Егер лайықты еңбек жағдайы болса, оқуды аяқтағаннан кейін Қазақстанға өмір сүруге қуана оралар едім.

Серіктес жаңалықтары