×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Жас қазақ әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына кірді

09.12.2021, 15:41
Фото: semedyarov

23 жастағы қазақстандық әлемдегі ең ақылды адамдар тізіміне енді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алдияр Семедьяровтың IQ коэффициенті Векслер шкаласы бойынша 135-тен асады. Ол ақыл-ой деңгейі жоғары адамдар үшін ең ірі және әйгілі ұйым саналатын «Менсада» тест тапсырып, халықаралық ұйымның мүшесі болды. Тиісті ұйымға тағы бір қазақ баласы – Димаш Әділет алғаш боп енген.

ҰБТ-да 124 балл жинап, мектепті «Алтын белгімен» (алтын медаль) бітірген Алдияр Ақтауда туып-өскен. Назарбаев университетінде оқыған. Өткен жылы Швейцарияның ETH Zurich институтына «электр инженериясы» мамандығы бойынша магистратураға түскен.

Алдиярдың IQ деңгейі Вехслер шкаласы бойынша 135-тен асады, бұл әлем халқының 99 пайызының IQ деңгейінен жоғары.

«Мектеп мені тәртіпке үйретті және Назарбаев университетінде әрі қарай оқуыма барлық пәндер бойынша мықты негіз берді», – дейді Алдияр Семедьяров.

Серіктес жаңалықтары