×
502.89
527.03
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.89
527.03
5.71

Украина мысалы: Қазақстан стратегиялық активтерін қорғау жолдарын күшейтпей ме

Бүгін, 17:25
Украина мысалы: Қазақстан стратегиялық активтерін қорғау жолдарын күшейтпей ме
Ulysmedia коллажы

Әлемнің алпауыт мемлекеттері шағын елдердің қазба байлығына көз тіге бастаған қазіргі заманда Қазақстан стратегиялық нысандарды қорғаудың амалдарын қарастыруы керек пе? Ulysmedia тілшісі бұл сұрақты Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа қойды.

МИНИСТРГЕ СҰРАҚ

АҚШ қазір Украинаның қазба байлығын сатып алғалы жатыр. Бұл серіктестік күні бүгінге дейін екі елдің президенттері ырғасқан үлкен мәселеге де айналғаны белгілі. Осы ретте Қазақстанның кейбір экономистері мұндай қысастық Қазақстанға да келуі мүмкін деп есептейді. Олардың айтуынша, Қазақмыс болсын, Казцинк болсын ең маңызды стратегиялық нысандарды ҰҚК сияқты органдарға бекітіп, олар Қауіпсіздік кеңесі немесе Парламент мақұлдауынан кейін-ақ сатылатындай ереже бекітілуі керек. ереже жасау керек деп жазады. "Сіз бұған қалай қарайсыз?” деп сұрады министр Шарлапаевтан Ulysmedia тілшісі.

ШАРЛАПАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Әрине, өте өзекті сұрақ. Стратегиялық активтер жайлы мен айта алмаймын. Сирек кездесетін металдар жайлы айтайын: электромобильдердің батареяларына қажетті металдар, жартылай проводниктерді өндірісінде пайдаланылатын металдар бар. Бүкіл әлемде қазір сирек кездесетін металдарға сұранчс өте жоғары. Сол себепті осындай кен орындарын дамыту үшін жаңа технологиялар керек. Менің қазіргі ұстанымым мен басқа елдердің тәжірибесі бойынша ол ресурстарды технологияларға ауыстырған абзал. Мысалы, бізде метал болғанымен технология аздау, – дейді ол.

Шарлапаев Қазақмыс, Казцинк сынды ірі компаниялар сирек кездесетін металдарды өндіретінін, стратегиялық нысандар - басқа мемлекеттердің құзіретіне жататын мәселе жататындықтан, сұрақта көтерілген шаруаны солар шешетінін айтады.

ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫНЫҢ ЕСКЕРУІ

Белгілі қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов АҚШ пен Украинаның «пайдалы қазбалар мәмілесі» туралы пікір білдіріп, болашақта қазақстандық металлургиялық компанияларға да қауіп төнуі мүмкін екенін айтқан еді. 

Одан кейін Трамп бір кеңесте Ресейдің сирек жер ресурстарын сөз етті. Араға көп уақыт салмай Ресей президенті Ресейдің сирек жер ресурстарын АҚШ-пен бірлесіп игеруге дайын екенін айтты. Ал Қазақстанда Ресейдің ондаған ірі жер қойнауын пайдаланушылары жұмыс істейтінін ұмытпайық, дейді Рысмамбетов. 

Сарапшы Қазақстанда тез арада стратегиялық активтер агенттігін құру немесе стратегиялық активтерді бақылауды ұлттық қауіпсіздік комитетіне, стратегиялық активтер агенттігіне және қаржы министрлігіне тапсыру керегін айтты. Рысмамбетов болашақта ресейліктер “Қазақмыс” пен “Қазцинкті” сатып алуға тырысуы мүмкін екенін айтты.