×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Биыл әкімшілік заң бұзушылықтар 4% өсті

Биыл әкімшілік заң бұзушылықтар 4% өсті
фото: Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жол қозғалысы саласындағы жұмыстың 9 айдағы қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Ішкі істер органдарының мақсат-міндеттерінің бірі – әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеу. Жыл басынан бері полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы 6 миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде 5 миллионнан астамы жол жүрісі саласы бойынша. Өткен жылмен салыстырғанда анықталған заң бұзушылықтар 4 пайызға көп. Сонымен қатар бүгін полицейлер құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған алдын алу шараларын көбірек қолданады», - деді Түсіпов арнайы брифингте.

Бұған дейін елімізде есірткі қылмысына қатысты жаза күшейгені және Қазақстанда жол апаты азаймай тұрғаны жайлы хабарлаған едік.