Елімізде нан өндірісі жылдан жылға азайып, ал бағасы тұрақты түрде өсіп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қазақстандық үй шаруашылықтарында да нанды тұтыну төмендеп кеткен, дейді energyprom.kz.
2021 жылғы қаңтар-тамызда жаңа піскен нан өндірісі 352,9 мың тоннаны құрады. Бұл 2020 жылғы тиісті кезеңнен 17,9%-ға аз. Былтыр да 9,2%-ға өндіріс құлдырауы байқалды.
Жаңа піскен нан өндірісінің төрттен бірінен астамы Түркістан облысына тиесілі: 89 мың тонна. Бұған қоса өндірістің айтарлықтай көлемі Алматы мен Ақтөбе облыстарында тіркелген, оларда тиісінше 41,1 мың және 34 мың тонна.
2020 жылы 539 мың тонна нан өндірілді, бұл 2019 жылғыдан 4,2%-ға аз. Көпжылдық қарқында сектордағы жылдық өндіріс төрт жыл қатарынан қысқарды. Бұған дейін 2016 жылы сәл өскен (1,1%) болатын. Ал бұған дейін 2014-2015 жылдары да бұл сектордағы өндіріс құлдырауы байқалған еді.
Биылғы жылғы қаңтар-қыркүйекте нан бағасы 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 6,1 пайызға өсті. Қарабидай-бидай нанының бағасы – 9,9%-ға, ал жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 7,8%-ға, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан – 5,1%-ға ұлғайды. Бір жыл бұрын сәйкес кезеңде нан бағасының жылдық өсімі 11,6% құрады.
Нан Қазақстанның барлық аймағында қымбаттады. Нұр-Сұлтанда (+12,2%), одан кейін Солтүстік Қазақстан облысында (+9,6%) және Ақмола облысында (+9,5%) баға көп көтерілді.