×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа жолданды

20.10.2021, 15:00
Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа жолданды
фото: Ашық дереккөзден

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Аяжан Еділованы зорлау және аса қатыгездікпен өлтіру бойынша Т-ға қатысты айыптар бойынша қылмыстық іс түсті. Бұл туралы қалалық сот мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Іс жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты болғандықтан жабық режимде өтеді, дейді сот.

Аяжан Еділованың денесі 19 наурыз күні табылды. Күдікті бірден ұсталды. Ол Аяжанмен бірге кіреберістегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кісі өлтіруші жайлы белгілісі: ол 1993 жылы туған, Түркістан облысында тұрған. Оған 120 бап (зорлау) әрі 99 бап (басқа қылмысты жасыру үшін адам өлтіру) бойынша айып тағылып отыр.