×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада азық-түлік бағасын арттырған кәсіпкерлерге айыппұл салынады

21.10.2021, 09:59
Астанада азық-түлік бағасын арттырған кәсіпкерлерге айыппұл салынады
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев елорданың сауда нысандарының өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті үстеме баға мәселесін талқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, сауда қызметін реттеу туралы заң әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстеме бағасын белгілеуді көздейді. Баға 15%-дан аспауға тиіс және нарық субъектілері арасындағы сатып алу-сату шарттарында міндетті түрде көрсетілуі қажет.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға белгілеу процесін қадағалау үшін биыл тамыз айында азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссия құрылды. Комиссия құрамына ҚРҮ, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарының өкілдері кірді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне шекті сауда үстемесінің 15% - дан асып кету дерегі анықталған жағдайда бұзушылар ескерту алады, қайталанған жағдайда шағын бизнес субъектілері үшін 10 АЕК, орта бизнес өкілдері үшін 75 АЕК, ірі бизнес үшін 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.