×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Мен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды күтемін»: Ресейді сынаған белсенді Намазбаев түрмеден хат жазды

28.11.2023, 15:02
Коллаж Ulysmedia

«Ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айыппен жазасын өтеп жатқан белсенді Данат Намазбаев түрмеден хат жазды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Хаттың мазмұны

«Құрметті достар, мен қалаған нәрсе орындалмады. Белгілі бір жағдайларға байланысты мені босатпады. Сіздердің белсенді қатысуларыңызбен көп нәрсе жасалды, бірақ сәттілік, жазатайым оқиға немесе біреудің ауруы менің жоспарларыма кедергі болды. Шартты түрде босатуды күтіп, аппеляциялық шағым түсіремін. Денсаулығымдағы ұсақ-түйек проблемаларды есептемегенде, жағдайым жақсы. Мен уақытымды мүмкіндігінше пайдалы өткіземін: оқимын, ойлаймын, жазамын, қайғырамын, әлемді сағынамын. Бірақ бәрі өтпелі, бұл кезең де өтеді. Ең бастысы, өз «меніңді» жоғалтпау, сол атпен және абыроймен қалу. Тіпті зындандарда да біз өсуді және дамуды жалғастырамыз. Абай болыңыз! Мүмкіндігінше отбасымды қолдауларыңызды сұраймын. Мен ондай жақсылықты ұмытпаймын», — деп жазды Данат Намазбаев.

Данат Намазбаев деген кім?

Белсенді бірнеше рет ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қарсы агрессивті шабуылдарына қарсы шығып, Ресей Федерациясымен интеграциялық байланысты нығайтуға белсенді түрде қарсылық білдірді, сондай-ақ Ресейдің Украинаға басып кіруін сынады.

Намазбаев не үшін түрмеде отыр?

2022 жылдың 14 наурызында Алматының Алмалы аудандық соты Данат Намазбаевты, сондай-ақ белсенді Марғұлан Боранбайды әлеуметтік желідегі жазбалары үшін бес жылға бас бостандығынан айырды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігі: «Билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, сол сияқты билікті тартып алуға немесе ұстап қалуға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге үгіт-насихат жасау немесе жария ету» бабы бойынша сотталған болатын.

Намазбаевты қолдайтын депутаттар сөз сөйледі

2023 жылдың сәуірінде мәжіліс депутаттары Ермұрат Бапи мен Абзал Құспан Намазбаев пен Боранбаевтың қылмыстық істерін жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта қарау қажет деп мәлімдеді. Олар сотталғандардың ниеті сепаратистерден ұлттық мүдделерді қорғау екенін айтқан еді.

Оралхан ҚОЖАНОВ

 

Серіктес жаңалықтары