×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ең қатыгез өңір қайсы – Елімізде жануарларға қатысты заң бұзушылық көбейді

22.10.2021, 13:01
Ең қатыгез өңір қайсы – Елімізде жануарларға қатысты заң бұзушылық көбейді
фото: Pixabay

Жануарларға қатыгездік танытумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар саны бір жылда бірден 14%-ға көбейді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте жануарларға қатыгездік танытумен байланысты тіркелген заң бұзушылықтар саны 50-ді құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 13,6%-ға көп, дейді ranking.kz.

Тоғыз айда балық ресурстары, басқа су жануарлары немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру саласындағы құқық бұзушылықтар саны 2,7%-ға, 153 оқиғаға дейін көбейді.

Сирек кездесетін және жоғалу қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерін заңсыз пайдалану оқиғасы (183 заң бұзушылық) бір жыл бұрынғыдан 4%-ға көп тіркелді.

Ал заңсыз аңшылық саласындағы құқық бұзушылықтар саны керісінше бір жылда 10%-ға, 72 оқиғаға дейін қысқарды.

Өңірлерге келсек, жануарларға қатыгездік танытумен байланысты қылмыстық заң бұзушылықтардың ең көбі Алматы облысында (12) тіркелді, жылдық өсім - 2 есе. «Антилидерлер» үштігіне Нұр-Сұлтан (6 оқиға, өсім – бір жылда 3 есе) мен Шымкент (6 оқиға, өсім - 6 есе) кірді.

Заңсыз аңшылықпен байланысты құқық бұзушылықтар да Алматы облысында жиі тіркелген: 14 оқиға – бір жыл бұрынғыдан 16,7%-ға көп. Одан кейінгі орындарда Қызылорда (10 оқиға, өсім - 2 есе) және Солтүстік Қазақстан облыстары (9 оқиға, бір жылда минус 35,7%) тұр.