×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Белгілі «инстадива» неге хиджабын шешіп тастады

03.01.2024, 16:19
Белгілі «инстадива» неге хиджабын шешіп тастады
коллаж ulysmedia.kz

Әлеуметтік желілерде bota 070 атымен танымал блогер Ботагөз Балабекова хиджабын шешім тастады деп хабарлайды, ulysmedia.kz.

bota 070 –тің инстаграм парақшасына кешеден бері жаңа суреттер шыға бастады. Сторизі де “тірілді”. Жариялаған фотоларына қарағанда ол жаңа жылды Монакада қарсы алған. Жоғалып кеткен инстадива оқырмандарымен сағынышын бөлісті.

Бота Балабекова 2023 жылы мамыр айында қара хиджаб киіп, дін туралы жаза бастады. БАҚ сол тұста оның бір ер адаммен бас қосқанын жазған-тын.

Көп ұзамай Балабекова инстаграмдағы барлық суреттерін өшірді. Кейін тіпті, ештеңе жарияламайтын болды. Соңғы жүктеген суреттеріне пікір жазу тетігін шектеп тастаған. Хиджаптан неге бас тартқанын өзі әлі ашып жазбады.  

Осылайша 500 мыңға жуық оқырманы бар блогер араға сегіз ай салып әлеуметтік желіге қайта оралды. 2023 жылы инстаграмдағы ерке-сылқымдардың бірқатары орамалға келгендерін жазып, ашық-шашық киінген ескі суреттерін өшіре бастаған. Кейін бірнешеуі хиджаптан бас неге бас тартқандарын жазды.