×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің асына неге бармады

15.01.2024, 11:48
сурет ашық дереккөзден

Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовті еске алу асында төбе көрсетпеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

“Ниетімді қабыл етсін, өтіп жатқан, бағыштаған құранымыз қабыл болсын, әттең-ай жолды ашпады, өзім Астанадан жете алмай қалдым” , – деп жазды өнер иесі. 

Сонымен қатар әкесі Мұхамедьяр Өмірбекұлының рухына да арнап, Қарағанды облысында ас берген. 

“Мақпал, асқа келе алмады. Әкең мен Зәкеңе оқылған Құран қабыл болсын! Күн райының күрт бұзылуына байланысты үлгермеді. Алла да, ел де риза. Зәкеңнің артында қалған ұрпақтары аман болсын! Мерей қызыңның қызығын көр. Ешқандай ренжіме. Елдің сөзін көңіліңе алма!”, – деп сәлем жолдады әншінің анасы. 

Еске алсақ, кеше Алматыда саясаткер Заманбек Нұрқаділовке арнап ас берілді. Оған қоғам қайраткерлері, саясаткерлер түгел жиналды. Қ.Тоқаевтың атынан жолданған хатты баспасөз хатшысы Берік Уәли оқып берді. Президент Заманбек Нұрқаділовке туған жері Кегенде ескерткіш қойып, Алматыдағы үйіне еске алу тақтайшасын орнатуға пәрмен берді. Жиналғандар Зәкеңе ескерткішті Алматы қаласында қоюды ұсынды.  

Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы 12 қарашада өз үйінде өлі күйінде табылды. Кеудесіне екі, басынан бір оқ тиген Нұрқаділовтің өліміне тергеу “өз өзіне қол жұмсау” деген баға берді. Саясаткер тірі болса 15 қаңтарда 80 жасқа толар еді. Алматы қаласының әкімі болған Нұрқаділов кезінде  Н.Назарбаевқа ашық қарсы шыққандардың бірі. 

Серіктес жаңалықтары