×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Респонденттердің 43,8% болашақ жарының пәк болғанын қалайды

08.02.2024, 12:45
nur.kz

«Азаматтық неке Қазақстандағы неке-отбасы қатынасының моделі ретінде» тақырыбындағы зерттеу қорытындысы бойынша сауалнамаға қатысқандар осындай пікір білдірді деп, хабарлайды ulysmedia.kz.

ҚҚДИ зерттеуіне сәйкес респонденттердің 37,3% тіркелмеген некелерге қарсы, 39,4-ы бейтарап қарым-қатынаста, респонденттердің тек 19,6%-ы бұл тәжірибені толығымен қолайлы деп санайды. Респондент-әйелдер мен ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар некесіз бірге тұру тәжірибесін аз қолдады. Некесіз бірге тұру жастар арасында кең таралған деп есептеледі.

Алайда, Фридрих Эберт қорының 2021 жылғы зерттеуіне сәйкес жас қазақстандықтардың тек 8%-ы ғана үйлену/тұрмысқа шығу маңызды емес деп есептейді, респонденттердің жартысынан көбі (64,6%) керісінше, бұл өмірдегі маңызды қадам болып табылатынына сенімді.

Сондай-ақ, қосаған таңдауда қандай факторларға баса мән беретіні де зерттелген. Отбасы мүшелері мен туыстарының пікірі аса маңызды (57,1%), серігін таңдау кезінде оны мақұлдамаған жағдайда олар қысым көрсетуі мүмкін.

«Осы зерттеуде респонденттердің жартысына жуығы (43,8%) ресми некеге тұрғанға дейін серіктестің пәктігі жұбайын/зайыбын таңдауда өте маңызды фактор екенін, респонденттердің үштен бірі (29,2%) бұл фактордың маңызды емес екенін атап өтті»,- делінген зерттеуде.

Үшінші маңызды фактор діни сенімі.

ҚҚДИ жүргізген зерттеулерінің деректері бойынша («Отбасылық-демографиялық саясат», 2021 ж.) шамамен 4-5% адамдар АХАТ-та некесін тіркемей тұрады (АХАЖ); ЮНФПА деректері бойынша Қазақстанда – ерлердің шамамен 7%-ы және әйелдердің 8%-ы тіркелмеген некеде тұрады; ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша тіркелген некеден тыс туылған бала- үлесі (жыл сайын 2005 жылы 24%-дан 2017 жылы 13%-ға дейін төмендейді) жанама көрсеткіш ретінде – 13,0%.

Редакциядан: Әлеуметтік зерттеу 2022 жылы жүргізілген

Серіктес жаңалықтары