×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстанда ең қымбат пьеса қойған продюсер жаңа қызметке келді

Фото: Түркістан музыкалық драма театры

Түркістан музыкалық драма театрының негізін қалаушы, тұңғыш директоры, көркемдік жетекшісі, бірнеше спектакльдің идея авторы Айнұр Көпбасарова Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрын басқарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Айнұр Көпбасарова кім?

Түрлі брендттерден киінетін оның қымбат сөмкелері өз алдына бөлек әңгіме. 

Айнұр Сайлаубайқызы 1975 жылы Таразда туған. Алғашқы мамандығы педагог, Кейін ҚазҰУ-да магистратура, аспирантурада оқуын жалғастырған. 1999 жылы Жанғара Дәдебаев пен Зейнолла Қабдоловтың ғылыми жетекшілігімен «Абайдың лирикалық өлеңдерінің бейнелілігі және оның орыс тіліне аударудағы көркем табиғаты» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.

Спектакль сахналау үшін - 246 млн 750 мың теңге

Кезінде “Бөрте” спектаклін сахналаймын деп жұртшылық тарапынан сынға қалған. Ол басқарған «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК жалпы сомасы 246 млн 750 мың теңге шығындаған

Тендер бір көзден сатып алу тәсілі арқылы өткендіктен, ашық конкурс болмаған. Тапсырысты орындаушы – «A-Event KZ» ЖШС. Театр әлеуетті өнім беруші ретінде үш компанияны таңдап, олардан коммерциялық ұсыныс сұратқан. Бір қызығы үшеудің бірі театр директоры Айнұр Көпбасарова бір кездері жетекшілік еткен «A+A Idea Fabric» атты компания. Ал қалған екі компания («A-Event KZ» ЖШС мен «Penopro» ЖШС) бір адамның атына тіркелген, құрылтайшысы – Жұмажан Қалтаев. Есепте көрсетілгендей, төмен шектік бағаны ұсынған «A-Event KZ» ЖШС әлеуетті өнім беруші ретінде таңдалған.

Бөртенің де, Шыңғыс ханның да тарихын жетік білмейміз

Бұған дейін Ulysmesia Айнұр Көпбасарованың “Бөртеге” бөлінген қаражаттың есебін ашып айта алмағанын жазған болатын.

Бұл (246 млн теңге – ред.) бір ғана спектакльдің ақшасы емес. Бұл бірнеше жылға азық болатын театрдың техникасы. Жылжымалы эскалатор, мультимедиялық құрылғылар мен қаншама костюм бар. Миландағы опера театры Ла Скала театрының контентін сызған шығармашылық топты шақырттық. Режиссер іздеп көп елге шықтық. Әрине, соның ішінде Марко Баличке дейін хабарластық (Италиялық продюсер, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын ұйымдастыруға шақырылған – ред.). Өкінішке қарай, Бөртенің де, Шыңғыс ханның да тарихын өзіміз жетік біле бермейміз. Ал шеттен келетін туристер мүлдем білмеуі мүмкін. Сондықтан негізгі мақсатымыз, көрерменді тарту үшін визуализация жағына баса мән бердік, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары