×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Мешітке емес, мектепке барсын»: Шымкент әкімінің орынбасары имамдарға өтініш айтты

14.02.2024, 15:35
Фото: ihsan.kz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек «Жастар ресурстық орталығында» өткен форумда сөйлеген сөзінде имамдардан буыны қатпаған жас баланы мешітке шақырмауды өтінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Форумға қаладағы жоғары оқу орындары мен озат оқушылардан 500-ге тарта жас, оқу орындарының тәрбие жөніндегі орынбасарларынан бөлек, жүзге тарта дін қызметкері қатысқан.

Әкім орынбасарының айтуынша, сырттан қаржыландыратын радикалды күштер, деструктивті ағымдар сананы отарлау үшін дін арқылы шабуыл жасайды.

Қазақстанда мешіттің саны үш мыңнан асты. Шымкенттің өзінде жүзге тарта бар. Құрметті имамдар, сіздерден өтінемін, әлі буыны қатпаған жас баланы мешітке шақырмаңыздаршы. Мектебіне барсын. Сабағын жақсы оқысын. Ғылым қусын. Отанның өркендеуіне білімімен қызмет етсін. Сонда ғана біз шын мәнінде зайырлы, құқықты ел боламыз, - деді Сәрсен Құранбек.

Серіктес жаңалықтары