Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2019-2022 жылдары Қызылорда қаласы мен облысы аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша 1990 жылы туған Алмас Жұбанаевқа іздеу салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол Instagram желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адам тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.
Жәбірленушілердің жалпы саны – 59 адам, келтірілген залал сомасы – 63 373 356 теңге.
Егер сіз іздеуде жүрген адамның тұратын жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, төмендегі телефондарға хабарлауыңызды сұраймыз: 8-775-125-55-54 8-701-527-10-45, – делінген хабарламада.