×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстанда аналардың жағдайы мәз емес: журналист әйелдерін тастап кететін еркектерді сынады

Фото: ашық дереккөз

Белгілі журналист Ертай Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында еліміздегі ажырасқан әйелдердің жағдайы мәз емес екенін айтып, бейбүйрек еркектерге шүйлікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол өз сөзінде тұрмысы нашар отбасына тегін ет өнімдерін беретіндерін, өтініш беретіндердің көбі жалғызбасты аналар екенін айтты.

Жараспапсың. Жарайды. Бірақ әйеліңді тастасаң да, көздерін жәудіретіп балаларыңды қалай тастайсың? Ұрпақ сенікі емес пе?

“Násіp-Et” (@nasipet2023) дүкенімізде әр жұма сайын қамқорлығынан айырылған, әлеуметтік жағдайы жоқ, тұрмысы нашар 2 отбасына көлемі 20 мың теңге болатын ет өнімін тегін береміз. Мақсатымыз - не ішкенге, не жегенге жарымай жүрген бауырларымызға қамқорлық көрсету.

Өтініш беретіндердің дені - айырылысқан, жалғызбасты аналар. Оларда сан жоқ…

Қоғамдағы әйелдердің, аналардың жағдайы мәз емес. Отбасының материалдық, тұрмыстық, оған қоса бала тәрбиесі дейтін міндеттер солардың мойындарында тұр. Көз алдыңа арбадағы ауыр жүкті титықтап сүйреп бара жатқан есек келеді…

Әке қамқорлығын көрмеген ұрпақ ертең өскенде қандай азамат, қандай әйел болады? Елестетудің өзі үрейлі…

Өзінен шыққан баласын шұбыртып тастап кеткен безбүйрек әкелер, жер басып қалай жүр екенсіңдер? – деді журналист.

Бір жыл ішінде 44,5 мың ерлі-зайыпты ажырасқан

2022 жылы Қазақстанда 128,4 мың неке тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5% аз.

Бір жыл ішінде 44,5 мың ерлі-зайыпты ажырасқан.

Олардың ішінде 33,2 мың ажырасу (74,6%) қалаларда тіркелсе, ауылдық жерлерде 11,3 мың ажырасу (25,4%) тіркелді.

Ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында байқалды, онда ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 3,24, ал ең төменгі Түркістан облысында – 1000 тұрғынға шаққанда 0,98 оқиғаны құрады.

Серіктес жаңалықтары