Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы екінші жеңісті жекпе-жегінде әлем чемпионын нокдаунға түсірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
vesti.kz-ның мәліметінше, 1/16 финалда Абылайхан Жүсіпов (67 келі) венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездесті. Жекпе-жек барысында қаазқстандық боксшының басымдығы байқалды. Нәтижесінде төрешілер шешімімен жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ол бұған дейін Тайбэйден келген Ю Линьнің осал тұсын тапты.
Абылайхан биыл ұлттық құрама капитаны міндетін атқарады. Қазақстандық боксшы 1997 жылы Қарағанды облысы Абай қаласында дүниеге келген. 2017, 2019 жылдарда әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, 2017 жылы Азия чемпионатында күміс медаль иегері болды. Ол Олимпиада ойындарына қатысқан.
Еске сала кетсек, Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалда жапониялық Реито Цуцумиді қапы қалдырып, 1/8 финалға жолдама алды.