×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Марқұм бала жайлы естелікті құрметтейтін оқушыларды сыйлаймыз - НЗМ

29.10.2021, 14:41
фото: Instagram

«Назарбаев зияткерлік мектептері» автономдық білім беру ұйымы ulysmedia.kz редакциясына сегізінші сынып оқушысының суициді мен оны қолдауға бағытталған наразылық акциясы туралы пікір білдірді.

НЗМ оқушы қазасына байланысты көңіл айтып, туыстары, жақындары және достарымен бірге қайғырамыз деді. Ұйым баламен болған оқиғаны растады. Бұл жағдай сабақтан тыс уақытта, кешке үйде болған екен.

«Бұл отбасы үшін ғана емес, достары, сыныптастары, мұғалімдері мен барлық танысы үшін үлкен қайғы. Осы оқиғаға, туыстары және жақындарының сезіміне, бала туралы естелікке түсіністікпен қарап, бұл жағдай туралы күмәнді мәліметтер жарияламауды сұраймыз. Біз оқушы туралы естелікті құрметтейтін балалар ұстанымын сыйлаймыз. Оқушыға қысым жасалғаны әрі мектепте проблемалар болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді Назарбаев зияткерлік мектебі.

Қазір оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Алматыда НЗМ оқушысы қаза тапқан болатын. Осы оқиғадан кейін Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «юбка» киіп, қарсылық акциясына шыққан еді.

Серіктес жаңалықтары