×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы қаза тапты

28.10.2021, 13:05
Фото: НЗМ

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы қаза тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қайғылы оқиға химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыған жасөспіріммен болған.

«Жеткіншекпен оқыс оқиға кеше кешке болды. Бұл мектепте болған жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр. Және де кәмелетке толмаған бала мен оның отбасының мүддесі үшін мектеп қосымша ақпарат бере алмайды», - деді мектептің баспасөз қызметі ulysmedia.kz тілшісіне.

Алматы қаласының полиция департаменті іс «Адам өлтіру» бабы бойынша қозғалғанын айтты.

«Бостандық ауданының полиция басқармасы аталған фактіні ҚР ҚК 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміліміне тіркеді. Оқиға себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген ақпаратта.

Ал блогер Аида Джексенованың мәліметінше, 8-сынып оқушысы мектептегі психологпен әңгімелескеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Жасөспірім күзгі балға Гарри Поттер стилінде, белдемше (юбка) киіп келген. Ашуланған куратор оны психологқа алып барған. Содан кейін жеткіншек 11-қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

Серіктес жаңалықтары