×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Сатыбалдының орынбасары Түркістандағы жемқорлықты «ел аузындағы привычка» деп атады

12.03.2024, 11:58
Сатыбалдының орынбасары Түркістандағы жемқорлықты «ел аузындағы привычка» деп атады
Коллаж: ulysmedia.kz.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев "Түркістан облысында не себепті жемқорлық жағдайлары көп?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет кулуарында журналистер Дархан Сатыбалдының орынбасарына сұрақ қойған. Тілшілер мысалы, “жай ғана еден жуушы болып жұмысқа орналасу үшін оңтүстік өңірде 500 мың теңге сұрайды екен” деген депутат Дәулет Мұқаевтың сөзін келтірген. Десе де, депутаттың пікірімен Бейсенбай Тәжібаев келіпейтін сыңайлы.

– Ондай әңгімелер әрдайым айтылады. Бірақ оның бәрін шын мәнінде солай деп айта алмаймын. Өйткені, жұмысқа қабылдаудың бәрі де эектронды форматта іске асады. Сондай бір “привычка” ел аузында қалыптасқан – алады екен, осындай болады екен деген, – дейді ол.

Бейсенбай Тәжібаев өңірде 2,5 мыңнан астам білім беру ұйымдары барын айтады. 81 мың мұғалім бар. 

– Әрине, жұмысқа сұраныс жоғары, өйткені жұмыссыздық негізгі мәселенің бірі. Сондықтан, көп адам бюджеттік мекемелерге жұмысқа тұрғысы келеді. Осындай мәселелер бойынша бізде қадағалау бар. Құзырлы органдар бәрін заңға сәйкес атқарып келе жатыр. Жемқорлық мәселесі өзекті. Ұсталғандар жазаланып жатыр, – дейді ол.