×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Білім министрлігі алматылық оқушы өліміне қатысты пікір білдірді

29.10.2021, 15:45
фото: ашық дереккөзден

БҒМ балалар құқығын қорғау комитеті Назарбаев зияткерлік мектебінің сегізінші сынып оқушысының суицидіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Комитет Алматыдағы НЗМ-нің қаза тапқан сегізінші сынып оқушысының ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұған қоса комитет өкілдері қаза болған баланың ата-анасымен байланыста екенін атап өтті.

«Қазір әлеуметтік желілерде бала өлімі туралы бір-біріне қарама-қайшы ақпарат шығып жатыр. Бізге, бәрімізге тергеудің ресми нәтижелерін күту қажет. Ата-аналар, педагогтер және мектептер басшылығын балғындарға көбірек көңіл бөлуге шақырамыз. Олардың өмірі мен денсаулығы – қоғамымыздың басты құндылығы», - деді комитет.

Құқық қорғау органдары бала өлімі фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы қаза тапқан болатын. Осы оқиғадан кейін НЗМ оқушылары «юбка» киіп, қарсылық акциясына шыққан еді.

Серіктес жаңалықтары