Ашық әлеуметтік зерттеуге сәйкес, батыс елдерінде жастардың ата-ана болудан саналы түрде бас тартуы — чайлдфри (ағылшыннан childfree — балалы болмау) идеологиясы белсенді түрде таралып жатыр. Бельгияда ең белсенді репродуктивті жаста әйелдердің 11%-ы және ерлердің 16%-ы балалы болғысы келмейді. Баласы жоқ британдықтар арасында жүргізілген сауалнама респонденттердің 37%-ы ешқашан бала туып, өсіргісі келмейтінін көрсетті, 19%-ы дәл қазіргі уақытта ата-ана болғысы келмейтінін, бірақ болашақта олар өз ойларын өзгертуі мүмкін екенін айтты. Нидерландта сауалнама нәтижесіне сүйене отырып, 30 жастағы әйелдердің 10%-ы өздерінің саналы шешімімен босанбағаны және болашақта да туғысы келмейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ranking.kz сарапшыларының зерттеуіне сілтеме жасап.
Қазақстанда чайлдфрилер бар ма?
Отандық статистиктер біздің елде баласыз жұптардың ата-ана болуға деген көзқарасы бойынша іріктеу зерттеулерін жүргізген жоқ. Алайда, Қазақстанда ерікті баласыз қалу құбылысының бар екенін мұндай адамдардың көптеген жеке сұхбаттары және әлеуметтік желілерде өз ұстанымдарын білдірулері растайды (1, 2, 3). Тек анонимді сұхбаттар мен жазбаларда қазақстандықтар саналы түрде бала туып, өсіргісі келмейтінін мойындайды. Мұның себептері бар, олар туралы кейінірек.
Қазақстандағы үй шаруашылықтарының саны мен құрамын егжей-тегжейлі талдау ұлттық халық санағы шеңберінде ғана жүргізіледі. Бұл деректер республикада баласыз қанша ерлі-зайыптылардың тұратыны туралы түсінік бере алады. Соңғы республикалық халық санағы науқанында — 2021 жылы — ҚР-да осындай 656,5 мың отбасы болған. 12 жыл ішінде (2009 жылдан бастап) баласыз екі адамнан тұратын нуклеарлы отбасылар 73,8% өсті. 2021 жылы бұл үй шаруашылықтарының көпшілігі қалаларда орналасқан.
Айта кетейік, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мамандары бұл жұптардың балалары бар-жоғын, басқа туыстарымен немесе бөлек тұратынын нақтыламай отыр. Егжей-тегжейлі деректер тек әйелі немесе күйеуі әлі 30-ға толмаған ерлі-зайыптыларды осындай отбасылардан оқшаулауға мүмкіндік береді. 2021 жылы Қазақстанда мұндай үй шаруашылығы 92,9 мың болды, бұл алдыңғы ұлттық санақ кезіндегіден екі есе көп.
Бала туа алмай қалған 21,4 мыңға жуық қазақстандық болған
Бұл отбасылардағы әйелдердің кейбірі орташа қазақ әйелі сияқты (25,2 жаста) некеге тұрып, некеге тұрудың алғашқы жылдарында әлі балалы болмаған деп болжауға болады. Қазақстандық әйелдердің тұңғышын туған жасына қарағанда, 16,8% жағдайда бұл 30 жастан кейін болады.
Сонымен қатар, осы жаста кейбір отбасылар бедеуліктің кесірінен ата-ана болу бақытын әлі көрмеген болуы мүмкін. Ресми мәлімет бойынша, 2021 жылы елімізде медициналық диагнозға байланысты бала туа алмай қалған 21,4 мыңға жуық қазақстандық болған. Мұндай адамдарды әдетте чайлдлесс деп атайды (ағылшыннан childless — баласыз).
Түрлі елдердегі чайдфри адамдардың балалы болғысы келмейтін себептерінің көптігі сонша, Wikipedia.org интернет энциклопедиясында бұл тізім 100 элементтен асады. Олардың ішінде медициналық (жүктіліктен қорқу және ұйқысыз түндердің ағзаға әсері), экономикалық (қолдаудың жоқтығы және бала тәрбиелеудің қымбаттығы) және психоәлеуметтік, философиялық (антинатализм, азғын адамды тәрбиелеуден қорқу, жалпы экзистенциалды меланхолия). Ең күтпеген чайдфри себептердің арасында:
балалары болмаған жағдайда зейнеткерлікке шығу үшін көбірек ақша жинау мүмкіндігі;
баланың қартайған шағында ата-анасына қамқорлық жасауға кепілдіктің болмауы;
ата-анасы қайтыс болғанда қызы немесе ұлына қайғы әкелгісі келмеуі;
жер бетінде адамдардың шамадас тыс көбеюіне қарсы тұру.
Мұның экономикалық және әлеуметтік себептері бар
Отандық БАҚ-та қазақстандықтардың чайдфри болуының экономикалық және әлеуметтік себептерін жиі айтады. Оның ішінде бұл адамдар өскен отбасылардың қиын экономикалық жағдайы бар. Материалдық әл-ауқаттың ата-анасы үшін қаншалықты қиын болғанын (немесе мүлдем болмағанын) көрген бұл адамдар өздеріне және балаларына бірдей тағдырды қаламайды. Олар мансап құруды және өзін-өзі дамытумен айналысуды жөн көреді. Сондай-ақ қазақстандық чайдфри әйелдер арасында кішкентай сіңлілері мен інілеріне тым ерте қамқор болғандары да бар. Балалық шағында бала күтімінің қиындығын жеткілікті көргендер есейген шағында келеңсіз жағдайды қайталағысы келмейді.
Кейбір дамыған елдерде ұлттық чайдфри бірлестіктер, үлкен қауымдастықтар бар, олар бірігіп қоғамдық пікірге қарсы тұруға тырысады. Қазақстанда өз еркімен баласыз қалуға шешім қабылдаған азаматтардың бірлестігі де бар. Childfree Kazakhstan қауымдастығы 2018 жылы құрылған. Оның негізгі философиясы: Ана болғанын міндетсіну культіне қарсы тұру. Бала культіне қарсы тұру. Қоғамның бейқамдығына қарсы тұру. Қауымдастықты құрушылар бұл хабарламаны әлеуметтік желілердің біріндегі жазбалары арқылы таратқан.
Былтыр елімізде 388 мың сәби дүниеге келді
Соңғы жылдардағы Қазақстандағы туу деңгейінің жағдайын қарастыра отырып, елдегі демографиялық жағдайға чайлдфри субмәдениеттің тікелей елеулі әсерін анықтау мүмкін емес. Туылған нәрестелер санының динамикасы 2018 жылдан 2021 жылға дейін туу көрсеткішінің өскенін көрсетеді. 2022-2023 жылдары коронадағдарыстағы нәресте бумынан кейін қарқынның аздап төмендеуі байқалды. Былтыр елімізде 388 мың кішкентай қазақстандық дүниеге келді, бұл бесжылдықтағы ең төменгі көрсеткіш.
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомствосы) сарапшыларының болжамынша, елімізде бала туу деңгейінің тағы бірнеше жылға — 2027 жылға дейін аздап төмендеуі байқалады. Одан кейін 2000-шы жылдардағы ұрпақ репродуктивті жасқа келіп, елдегі туу көрсеткіші қайтадан көтеріледі. Орталық сарапшыларының болжамы оқиғаларды дамытудың негізгі сценарийі негізінде жасалады. Бұл көрсеткіштерді есептеу кезінде өткен жылдардың табиғи үрдістерді пайдаланылады дегенді білдіреді.